Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 11 мың мемлекеттік қызметші, оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайларында жеке табыс салығы бойынша 759 млрд теңге сомасында берешек қалыптасқан.
Декларацияларды талдау көрсеткендей, өздігінен салық салынатын табыс болмаған жағдайда, бюджетке төленетін жеке табыс салығының сомалары қате көрсетілген.
Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияны азаматтар өз бетінше тексеру қажеттігі туралы ескертті. Қате толтыру анықталған жағдайда декларацияның «Е» бөлімінде жеке табыс салығының сомасын кемітіп, қосымша декларацияны тапсыру керек.
Қателер түзетілмеген жағдайда жеке сот орындаушылары салық бұйрықтары негізінде банктік шотты жабуы мүмкін.
Декларацияны дұрыс толтыру мәселелері бойынша тұрғылықты жері негізінде мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет.