Теннис • 09 Қазан, 2022

Тимофей Скатов Пармадағы «Челленджердің» жеңімпазы атанды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Тимофей Скатов Пармадағы «Челленджердің» жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап. 

Тимофей Скатов Пармадағы «Челленджердің» жеңімпазы атанды

Финалда әлемдік рейтингте 209-шы орынға ие болған Тимофей словак Йозеф Коваликті (156 АТР) 7:5, 6:7 (2:7), 6:4 есебімен жеңді. Матчтың 3 сағаты мен 10 минутында Тимофей оннан төрт үзіліс нүктесін жүзеге асырды.

«Мансабымда алғаш рет «Челленджерді» жеңіп алу керемет сезім. Ата-анама, жаттықтырушыма және, әрине, Қазақстан теннис федерациясына үнемі қамқорлық пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді», деді матчтан кейін Тимофей Скатов.

Пармадағы жеңісі үшін 21 жастағы Скатов 125 рейтингтік ұпай мен 18 290 еуро жүлде алады. Италиядағы "

«Челленджердің» қорытындысы бойынша қазақстандық мансабында алғаш рет жаңартылған АТР рейтингінде өзі үшін рекордтық 152-орынға көтеріледі.