Медицина • 10 Қазан, 2022

Ауыл-аймақта сәби өлімі көбейді

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілістегі Үкімет сағатында Қазақстан ауылдарында сәби өлімі көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауыл-аймақта сәби өлімі көбейді

«Биыл ауылдық жерлерде сәби өлімінің көрсеткіші 30,6%-ға артқаны байқалады. Бұл ретте ауылда балалар өлімі қаламен салыстырғанда 38,7%-ға төмен», деді Ажар Ғиният.

Министр атап өткендей, әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту үшін жүкті әйелдерді медициналық бақылаумен қамтылу көрсеткіші өсті. 

«Сонымен қатар, балалардағы аурулар мен даму бұзылыстарын уақтылы анықтау үшін жыл сайын 3,1 миллионнан астам баланы қамтитын профилактикалық тексерулер, 1,6 миллионнан астам жас балаларды скринингтік зерттеулер жүргізіледі», деді денсаулық сақтау министрі.

Қыркүйек айында елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленгені белгілі болды. Ол барлық ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету арқылы қалалық және ауылдық денсаулық сақтау арасындағы теңгерімсіздіктерді азайтуға бағытталған.