Оқиға • 10 Қазан, 2022

Шымкентте ана мен баланы көлік қағып кетті

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағында анасы мен қызын қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте ана мен баланы көлік қағып кетті

Бүгін сағат 9:35 шамасында Төлеметов көшесі бойында Mitsubishi Pajero автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан 43 жастағы әйел және оның 16 жастағы қызы оқиға орнында көз жұмды. 

«Факт ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.