Медицина • 10 Қазан, 2022

Медициналық орталық ауруханасында конференция өтті

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында «Қарқынды терапиядағы экстракорпоралды детоксикацияның заманауи әдістері: қолдану тәжірибесі және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медициналық орталық ауруханасында конференция өтті

Шараның мақсаты – қарқынды терапиядағы гемокоррекцияның экстракорпоралды әдістерін дамыту жолдарын қарастыру және өзара тәжірибе алмасу. Конференция жұмысына осы саладағы жетекші мамандар мен сарапшылар, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Қазақстан нефрологтары мен анестезиолог-реаниматологтары қатысты.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Сәуле Кисикова, «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» РҚБ президенті Ерғали Миербеков, «Астана медицина университеті» КеАҚ ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Виталий Койков конференцияның қатысушылары мен қонақтарын ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

ы

Конференция шеңберінде сондай-ақ экстракорпоралды гемоккорекция саласындағы дәрігерлерге, анестезиолог-реаниматологтарға, нефрологтарға арнап шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстел  барысында қатысушылар қарқынды терапиядағы экстракорпоралды детоксикацияның заманауи әдістерін, саладағы жетістіктер мен проблемаларды талқылады.

Айта кетейік, конференцияны Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы, «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі және Республикалық экстракорпоралды гемокоррекция мамандарының қоғамы бірлесіп ұйымдастырды.