Қоғам • 10 Қазан, 2022

Президент сайлауы: Алматыда 600 сайлау учаскесі ашылады

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент сайлауы: Алматыда 600 сайлау учаскесі ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова қалада 5 мыңға жуық мүшеден тұратын 600 учаскелік сайлау комиссиясы бар екенін айтты.

«Бізде сегіз аудандық және бір қалалық комиссия бар. Халық саны 5 мыңнан асты, яғни бізде учаскелік комиссияларда 4696, аудандық, қалалық сайлау комиссияларында 63 адам бар. Қазіргі таңда сайлаушылар тізімі аудан әкімдіктерімен келісіліп жатыр. Әрбір азамат сайлаушылар тізімінде жоқ болса немесе басқа қалада тіркелген болса, өтініш беріп, өзін тізімге қоса алады. Шара 30 қазанға дейін жалғасады. Одан кейін өзіңізді тізімге қосу мүмкін болмайды. Осыны ескеру керек», деді Жанна Асанова.

Оның айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, қалада 1,1 миллионнан астам сайлаушы тіркелген.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Айгүл Қалықова қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдарда сайлаушылар тізімін нақтылау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біздің заңда мынадай тармақ бар. Егер азамат дауыс беруге 30 күн қалғанда сайлау учаскесіне келе алмайтынын білсе, онда ол сайлау күні нақты тұрғылықты жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу туралы әкімдікке өтініш беруге құқылы», деп түсіндірді ол.

Сайлау учаскелерінің өзі сайлау күніне 20 күн қалғанда ашылады. Олардың орналасқан жері кейінірек жарияланады.