Тағайындау • 10 Қазан, 2022

Семей қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

693 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің және Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың келісімімен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың өкімімен Базарбаев Руслан Ерланұлы Семей қаласы әкімнің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ол еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді. «Қазтехнология» АҚ бас менеджері, сондай - ақ, Инвестициялар және даму министрлігі (қазіргі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) Инвестициялар комитетінде қызмет атқарды.

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы болып жұмыс істеген.