АСТАНА. 21 мамыр. Бүгін Астанада VII Астана экономикалық форум ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған жиын 2-ші Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциямен басталды. Конференцияның күн тәртібіне «Бреттон-Вудс келісімдерінің 70 жылдығы: жаһандық қаржылық жүйені қалпына келтіру, соңғы екі он жылдағы қаржылық дағдарыстардың салдарын жою» тақырыбы қойылды.
3 күнге созылатын форум шеңберінде конференциялар, саммиттер, сессиялар мен диалогтар өтеді. Бұларда талқылауға түсетін мәселелер өзектілігімен ерекше. Дәлірек айтқанда, әлемдік экономикалық өсім, бәсекеге қабілеттілікті көтеру, сауданы дамыту мен экономикалық-әлеуметтік аспектілер сынды жағдаяттар әңгіме арқауына айналады.
Естеріңізге сала кетейік, дүниежүзіндегі ең ірі халықаралық форумдардың санатына жатқызылатын, өзара байланыстар орнатудың, іскерлік кездесулер өткізудің мол мүмкіндігін беретін Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Биылғы форумға әлемнің 150 елінен 10 мыңнан астам адам қатысады.
VII Астана экономикалық форумы аясында бұған дейін бірқатар маңызды кездесулер ұйымдастырылды. Бұл шараларда бүгінгі басты экономикалық және әлеуметтік кедергілермен күресу тәсілдері іздестірілді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: akorda.kz.

Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше