АСТАНА. 21 мамыр. Еуразиялық экономикалық кеңістік Қазақстанға экономикалық қолайлы жағдай туғызуда. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Еуразиялық интеграция біздің кәсіпкерлерімізге жаңа мүмкіндіктер ашып беруде. Сөзіміздің дәлелі ретінде қазіргі таңда елімізден сыртқы нарыққа 700-ден астам тауар түрі экспортталып жатқанын айтуға болады. Әсіресе, отандық өнімдеріміз кейінгі уақытта Ресей нарығына еркін ене бастады. Олардың қатарында ауылшаруашылығы өнімдерінің үлесі молырақ.
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғановтың айтуынша, 2013 жылы Ресей мен Беларусь елдеріне бізден құны 1 миллиард доллардан астам тауарын экспортталған. Ал 2016 жылға дейін Ресейге 60 мың тонна ет экспорттау жоспарлануда. Бұдан бөлек, Қазақстанның аграрлық саладағы экспортының көлемі жыл өткен сайын арта түсуде..
Қайрат Айтуғанов: «Ұлттық ірі жобалар шеңберінде 2016 жылға дейін Ресей нарығына 60 мың тонна ет экспорттау көзделуде. Мұның 10 мың тоннасын биыл жібереміз. Осы жұмыстарға байланысты Ресей және Беларусь елдерімен бірлескен мекемелер құрып үстіндеміз», – деді. Сондай-ақ, ол бүгінде 100 мың тонна ет, көкөніс және жидек Қытайға жіберіліп жатқанын жеткізді.
Ресми мәліметтерде айтылып жүргендей, Қазақстан, Ресей мен Беларусьтың жалпы ішкі өнімі шамамен 2 триллион АҚШ долларын құраған. Ал олардың өндірістік әлеуеті 600 млрд. ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 112 млрд. долларға жуықтаған. Ал жалпы тұтыну нарығы 165-170 миллион адамды қамтып отыр.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: specagro.ru.
• 21 Мамыр, 2014
2016 жылға дейін елімізден Ресейге 60 мың тонна ет экспортталады

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48