Саясат • 11 Қазан, 2022

Байқаушылар сайлауға дайын

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Партиялық емес байқау орталығының Республикалық штабының төрағасы Төлеген Қүнәділов Алматы облысы бо­йынша филиалдың өңірлік үйлестірушілерімен және өңірдің азаматтық секторының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында штаб төрағасы Орталықтың және оның өңірлік өкілдіктерінің алдағы президент сайлауындағы, ең алдымен, қазақстандықтардың сайлау құқықтарын сақтауға бағытталған басты міндетін атап өтті.

Байқаушылар сайлауға дайын

Төлеген Күнәділов байқау­шы­­лар­ды даярлау жөніндегі жұ­мы­сы туралы айта келе, сай­лау­­алды кезең ішінде сайлау заң­­намасының сақталуына тиім­ді мо­ниторинг жүргізудің ма­ңыз­­ды­лығын атап өтті. Ол орта­лық­­тың аймақтық үйлес­тіру­ші­л­ері мен ҮЕҰ серіктестерін ба­­йқау­­­шы­ларды даярлау және прак­­ти­­­калық тәжірибе алмасу мә­се­­ле­­­­лерінде ынтымақтастыққа шақырды.

Кездесуге қатысушылар бір­ың­ғай мақсат – әділ дауыс беру, заң­ның сақталуы, сайлау­дың адал­дығы мен ашықтығы екенін атап өтті.

Қарасай ауданының «Жел­тоқсан ақиқаты» ҚБ басшысы Сәкен Шаймолдаев ұсынылған бастамаларға қолдау білдіріп, тығыз ынтымақтастық қоғамдық байқаушыларды даярлау сапасын арттыруға мүм­кіндік беретінін атап өтті. Өз кезе­гінде «Ауғанстандағы соғыс арда­герлері одағы» ҚБ басшы­сы Қанат Молдабергенов бір­лес­кен диалогқа қызығушылық танытты.

«Тәжік-Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдары мен әскери қақтығыстарға қатысушылар» ҚБ Алматы облысы және Қонаев қаласы бойынша филиалының басшысы Серік Сәрсембаев байқаушыларды даярлауда Партиялық емес байқау орта­лығымен және басқа да ҮЕҰ-мен өзара тәжірибе алмасудың тиімділігін атап өтті.

Партиялық емес байқау орталығы штабының төрағасы Төлеген Күнәділов Қонаев қаласында Алматы облысының аудандық үйлестірушілерін «Дауыс беру барысын бақылау: теория және практика», «сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері» та­қы­рыптарында оқыту өткізді.

Оқыту тиімді өтті, оның ішінде сұрақ-жауап форматында, сондай-ақ практикалық мысалдарды талдауда қатысушылар белсенділік танытты. Жалпы, тренингте сайлау процесінің құқықтық аспектілері, референдум мен президент сайлауы кезеңіндегі сайлаудың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы түсініктер берілді. Жергілікті жерлерде стационарлық және мобильді байқаушыларды оқытуға ерекше назар аударылды, бұл үшін аудандық үй­лес­тірушілер қажетті әдісте­ме­лік көрнекі материалдар және әзір­ле­мелермен қамтамасыз етілді.

Оқытудың негізгі тақырыбы таңдалған процестің тұрақтылығы мен әділдігі, байқаушылардың қызметін бақылау және үйлестіру құралдары арқылы заңдылықты сақтау болды.