Бұл орайда қазан айынан басталған акция еліміздің барлық өңірінде іске асып жатқанын айта кеткен орынды. Семейде оның өтуіне Alikhan Bokeikhan University студенттері бастамашылдық танытқан.
«Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы кеңестің ұйымдастыруымен қазанның 2-інен еліміздің оқу орындары арасында EcoStudentKZ экологиялық акциясы басталған болатын.
Осы ретте Семей қаласындағы Alikhan Bokeikhan University студенттерінің бастамасымен, сол секілді шаһардағы жоғары оқу орындары студенттерінің қолдауымен республикалық акцияға өз үлесін қосу үшін жастар Бейбітшілік аралына жиналып, аумақты тұрмыстық қалдық пен қоқыстан тазартуды ұйғарды.
Аталған іс-шараға қаладағы 5 оқу орнының студенттері қатысты. Тұтастай алғанда, 150-дей студент осы акцияға қатысуға ниет танытты. Олардың қатарында Alikhan Bokeikhan University-ден 76 студент, Семей медицина университетінен 20 студент, Р.Байсеиітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінен 15 студент, Innovative college білім беру ұйымынан 15 студент және М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжден 15 студент бар», деді ұйымдастыру комитетінің өкілі Ерсін Мұратхан.
Семейдегі экологиялық акцияға студенттерден бөлек саябақта серуендеп жүрген мектеп оқушылары да атсалысып, шаһарды тазартуға көмектесті.
Семей халқы жастардың бастамасына ризашылықтарын жеткізіп, алдағы уақытта облыс орталығының басқа аудандарын бірлесіп тазартуға дайын екендерін білдірді.
Тұтастай алғанда, сол күні 80 қап қоқыс жиналып, Бейбітшілік аралын ажарлана түсті. Таяу уақытта ұйымдастырушылар осындай экологиялық акцияларды қалалық және облыстық денгейде жалғастыруды көздеп отыр.
Абай облысы