«Toyota Ipsum автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі мас күйде С.Бейбарыс даңғылымен жүре отырып, С.Бейбарыс-Тайманов көшелері қиылысында жол қауіпсіздігін сақтамай, 31 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mazda автокөлігіне соқтығысқан», деп жазылған polisia.kz таратқан ақпаратта.
Соққы салдарынан Toyota Ipsum көлік құралы оқиға орнында өртеніп кеткен. Жүргізушілер облыстық ауруханаға жеткізілген. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылған.