Спорт • 11 Қазан, 2022

Қазақстандық мергендер Хорватиядан олжалы оралды

1 мин
оқу үшін

Қазақстан Хорватияда стендтік атудан өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық мергендер Хорватиядан олжалы оралды

Отандастарымыз аралас командалар арасында «скитте» үшінші орынды иеленді. Бұл ойын түрінде ел намысын Әсем Орынбай мен Эдуард Ищенко қорғады.

Жеңіс тұғырының шыңына Ұлыбритания шықты. Ал Италия екінші орынға жайғасты. Тағы бір қола медальді Франция спортшылары еншіледі.

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 08:10