Саясат • 11 Қазан, 2022

Бүгін Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталады

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 18:00-де Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бүгін Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталады

Кезектен тыс Президент сайлауының алғашқы кезеңі 23 қыркүйекте басталған еді. Содан бері республикалық қоғамдық бірлестіктерден елдің Орталық сайлау комиссиясына 8 адам ұсынылып, құжаттарын тапсырды. Президент лауазымына кандидаттарды ұсыну саяси науқан белгіленген күннің ертесіне басталды. Заң бойынша осы елде туған, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін білетін әрі соңғы 15 жыл осы елде тұрған Қазақстан азаматы ғана үміткер бола алады. Оны белгілі бір қоғамдық бірлестіктің ұсынуы тиіс.

Сонымен барлығы 8 үміткер тіркелді. Бүгін соңғы болып Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасы ұсынылды. 

Ал, бүгін лингвистикалық комиссия бұқаралық ақпарат құрал өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізеді. 

 

Жансая ӘНУАР