Қаржы • 11 Қазан, 2022

Доллар қымбаттады

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,42 теңгеге көтеріліп, 474,95 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,45 теңге.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 65,92 теңгені (-0,57) құрады.

Еуро бойынша сауда болған жоқ, еуро бағамын Ұлттық банк 459,42 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 476-480 теңгеден, еуро 462-468 теңгеден, ресей рублі 6,9-7,2 теңгеден сатылуда.