Аймақтар • 11 Қазан, 2022

Қостанай облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы анықталды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 қазанда полицияға 34 жастағы жергілікті тұрғын келіп, «Қыпшақ» жайылымының жанында 46 жылқы жоғалып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы анықталды

Ер адам фермада үш жылқы табыны бар екенін айтты. Малдың жүрген жерін бақылап отыру үшін әр табындағы жылқылардың біріне GPS трекері бекітілген. Қыркүйек айының ортасында жоғалған табында белгі болмаған. Иесі іздеуді өз бетінше жалғастырған.

Қылмысты ашу үшін полиция басқармасында екі жедел-тергеу тобы құрылған. Жедел жұмыс нәтижесінде Арқалық полицейлері екі күн ішінде 46 және 47 жастағы екі күдікті ретінде Ақмола облысының тұрғындарын анықтаған.

Жедел уәкілдер күдіктілердің мал ұрлау үшін облыс аумағындағы және көрші өңірлердегі жайылымдарды мақсатты түрде айналып өткенін анықтады. Ер адамдар көлікпен және мотоциклмен жүрген. Терісақан ауылынан 200 шақырым жол жүріп өтіп, жылқылар шоғырын байқаған олар малдарды Ақмола облысына айдап әкетуді ұйғарады. Далалық жолда жылқы ұрлаушылар ұрланған малды қораға айдап, трекет салынған жылқыдан құрылғыны алып тастайды. Күдіктілер келесі күні малды Ақмола облысының тұрғындарына сатып үлгерген.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қамысты ауданында да полицейлер қысқа мерзімде жоғалып кеткен ағылшын-қарашай тұқымының жылқысын тауып, иесіне қайтарды. Ауыл тұрғыны жергілікті учаскелік Бауыржан Нұрмановтан көмек сұраған. Іздеу іс-шаралары барысында полиция қызметкері малды тауып, ауыл тұрғынына қайтарып берді», деп жазылған  Polisia.kz таратқан ақпаратта.