Әлем • 11 Қазан, 2022

Венесуэладағы көшкін құрбандарының саны 36-ға жетті

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венесуэланың солтүстігіндегі Арагуа штатында дамылсыз жауған нөсер салдарынан сел мен көшкін жүріп, 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Венесуэладағы көшкін құрбандарының саны 36-ға жетті

Бұл туралы журналистерге Венесуэланың ішкі істер және әділет министрі Ремихо Себальос мәлімдеді. 

Сондай-ақ Лас-Техериас қаласында 8 қазаннан бері толассыз жауған жаңбырдың кесірінен 56 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Билік зардап шеккендерге 300 мың тонна азық-түлік тарата бастады. Ремихо Себальостың айтуынша, іздеу-құтқару жұмыстарына 1200 адам жұмылдырылған. Сонымен қатар ол 317 үй толығымен қирап, 757 үйге зақым келгенін хабарлады.