Президент • 11 Қазан, 2022

Президент Қатар Әмірін елорда әуежайында күтіп алды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елорда әуежайында күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қатар Әмірін елорда әуежайында күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ 13 қазанда шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады.