Саясат • 12 Қазан, 2022

Зор үміт сыйлады

230 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолға алған бастамалары мен конституциялық реформалардың нәтижесінде Қазақстанда мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа моделі қалыптасты. Келесі қадам – осы модельді іске қосу болмақ. Тың тетіктер алдағы сайлаудан кейін жүйелі жүзеге асады деген сенім мол.

Зор үміт сыйлады

Қазақстан халқы саяси өз­герістердің маңызын тү­сі­ніп, Президенттің баста­ма­ла­рын қолдайды. Соның бір­ден-бір дәлелі – 2022 жылғы мау­сымда өткен жалпы­халық­тық референдумға ел азамат­тарының көпшілігінің қатысуы. Мемлекет басшысы кезектен тыс президент сайлауын биыл өткізу жөнінде шешім қабылдады. Алдағы сайлауды Қазақстан тарихындағы жаңа сапалы кезеңнің бастауы ретінде қабылдаймын. Бұл – әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам.

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар өңіріне жасаған сапарынан, оның жергілікті жұрт­шылықпен жүздесуінен ұққаным – Президент өңірдегі жағдайдың бәрінен хабардар екен. Мемлекет басшысының облыс түгілі, әрбір аудан мен қаладағы жағдайды назарда ұстайтыны қуантты.

Екібастұз жылыту маусымын жыл сайын қиындықпен өт­кізеді. Шаһарды жылытып отыр­ған жалғыз жылу-электр ор­та­лығының жағдайы тым нашар. Жергілікті билік қол­дан келгенін жасап жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев өңір халқы­мен болған кездесуде жылу-электр орталығының мәсе­лесін айт­қанда, ел тілегі­нің Пре­зидентке жеткенін ұқтық. Демек ендігі жерде екібас­тұздықтарды жылдар бойы алаңдатып келген мәселенің оң шешім табарына сенеміз. Қыстың көзі қырауда. Алда не боларын білмейміз, бойда қорқыныш бар. Президент­тің бүгінгі сөзі үрей құшағында отырған екібастұздықтарға зор үміт сыйлады.

Жалпы, Президент Пав­лодар өңіріндегі түйінді мәселелерді де, аймақтың дамуын қамтамасыз ететін басым бағыттарды да атап, айқындап берді. Соның ішінде жастарға мүмкіндік берілетінін баса айтты. Жастарға сенім арта отырып, жауапкершілікті сезіндіру маңызды. Президенттің қай салада болмасын жастарға жағдай жасап, мүмкіндік беру керек деген пікірін толық қолдаймын.

Жас ұрпақ аға буынның өмір жолынан тағылым ала білуі керек. Шетелде жүрген жастарымыздың кез келген сәтте елге оралуына мүмкіндік бар. Тіпті шетелде жүрсе де сол жақтан ел мүддесіне қыз­мет жасай алады. Президент атап өткендей, бастысы біз олар­ға мемлекетшілдік рухын сіңі­ріп, ел игілігіне қызмет етуге жұмыл­дыра білуіміз керек. Қазіргі жастардың өршіл идеялары мен ерік-жігері Қазақстанды дамытатын басты күш екені де анық. Бастысы, олардың осы әлеуетін дұрыс арнаға бағыттау керек.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жиыннан көп ой түйдік. Президент облыс басшылығына ауқымды міндеттер жүктеді. Солардың бәрі ойдағыдай жүзеге асса екен деген тілегіміз бар.

 

Серік ЗАҢОВ,

Екібастұз ГРЭС-2 стансасының ауысым басшысы,

Екібастұз қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі

 

Павлодар облысы