Қоғам • 12 Қазан, 2022

Білім платформасындағы онлайн оқу

478 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Skills Enbek қазақстандық платформасы мен Coursera ірі халықаралық білім беру платформасы Қазақстанда онлайн оқытуды дамыту бойынша әріптес болды.

Білім платформасындағы онлайн оқу

Жуырда Астана қаласында Digital Bridge 2022 Халықаралық форумы барысында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов және Coursera Еуропа елдеріндегі үкіметтермен өзара іс-қимыл жө­ніндегі басшысы Алина Леон-Козенко тиісті меморандумға қол қойған болатын.

«Ынтымақтастық туралы ке­лісім еңбек ресурстарының білімі мен дағдыларын арттыру үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, оның ішінде платформаларды интеграциялау арқылы бағытталады. Coursera және Skills Enbек алаң­дарында онлайн-оқыту қазақстандықтарға өз біліктілігін арт­тыруға, жаңа дағдылар алуға және өздері үшін жаңа салада мансапты бастауға мүмкіндік береді», деп хабарлады Дәулет Арғындықов.

«ЕРДО» АҚ маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қолжетімділік беретін халық­аралық алаңдардың қазақстандық баламасы болып саналатын Skills Enbek онлайн-оқыту платформасын техникалық және әдіс­намалық дамытуды жүзеге асырады.

Кез келген адам Skills-те оқу­ды бастай алады, ал платфор­мада алынған сертификаттар мен дағдылар түйіндемеде Элек­трон­дық еңбек биржасында автоматты түрде көрсетіледі. Плат­форма 2021 жылы іске қосылды және оны дамыту, курстардың саны мен сапасын арттыру тұрақ­ты негізде жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Skills Enbek-те 109 кәсіп бойынша 157 курс орналастырылған, оның 72-сі тегін. Тіркелген пайдаланушылар саны 155 мыңнан астам адамға жетті, ал оқуды сәтті аяқтап, 119 мың адам сертификат алды. Оқу­ды аяқтағандардың ішінен 22 мың адам жұмыссыз тұлға мәртебесіне ие.

Coursera-мен ынтымақ­тас­тықты құру қазақстан­дық­тарға қол­жетімді курстар базасын кеңейтуге және оған қолже­тімді­лікті жеңілдетуге мүмкіндік бе­реді.

Coursera білім беру платформасы – адамдарға заманауи білім мен өзекті дағдыларды беру мақ­сатында әлемнің 250-ден ас­там жетекші университеттері мен технологиялық алыптарды бірік­тіретін әлемдегі ең ірі білім беру ұйымы. Жыл сайын Coursera-да әлемнің 200 елінен 100 млн-нан астам адам оқиды. Қазіргі уақытта платформада 6 мыңнан астам курстардан, 700 мамандықтан, сондай-ақ жобалық оқытудың 3 мың интерактивті ресурстарынан тұратын әлемдегі ең ірі білім беру бағдарламаларының кітапханасы ұсынылған.