Қазақстан • 12 Қазан, 2022

Жемқорлық жасады деген күдікке ілінген судья қызметінен босатылды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары сот кеңесі (ЖСК) жемқорлық жасады деген күдікке ілінген судья Светлана Жолманованы қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жемқорлық жасады деген күдікке ілінген судья қызметінен босатылды

«6 қазанда Жоғарғы Сот жанындағы Сот алқасы Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы С.С.Жолмановаға қатысты тәртіптік істі қарады. Онда судьяның сот істері бойынша тараптардың өкілдерімен процессуалдық емес байланысқа жол беруімен байланысты, судьялық этикаға қайшы келетін, беделін түсіретін теріс қылық жасау фактісі бойынша – судья С.С.Жолмановаға қызметінен босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылады. Шешім заңды күшіне енген жоқ, Жолманова С.С. Жоғарғы Сотқа шағымдануға құқығы бар», деді кеңестің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2021 жылдың 29 сәуірінде Светлана Жолманованың кабинетінен 10 мың доллар табылған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті арқылы тергеу басталып, судья ол ақшаның заңды және үйге жинаған қаражаты екенін айтқан. Алайда 2022 жылдың басында жаңа дерек, екі әйелдің әңгімесі жазылған бейнежазба жарияланды, болжам бойынша – бұл Жоғарғы Сотпен мәселені ақшамен шешпек болған кәсіпкер Виктор Мащенконың әйелі мен Жолмановаға ұқсас әйел.

 

Жансая ӘНУАР