Елорда • 12 Қазан, 2022

Астанада Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесі 14 қазанда өтетін болды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы қазанның 14-і күні сағат 17.00-де Астанадағы Mega Silk Way сауда-сауық орталығында Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Бұл көрме Explore Jana Qazaqstan командасының National Geographic Qazaqstan редакциясымен бірлесіп,  биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында ұйымдастырған 5 экспедициясының нәтижесінде дайындалған. Аталған экспедицияға Samsung Kazakhstan қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесі 14 қазанда өтетін болды

Экспедиция мақсаты Қазақстанның туристік өңірлерінің әлеуетін ең үздік отандық фотографтар мен саяхатшы блогерлердің фотоаппараттары мен видеокамераларының обьективі арқылы паш етіп, ішкі туризмді дамытуға қосымша серпін беруді көздеді. Соған орай, команда мүшелері еліміздің Түркістан, Алматы, сондай-ақ шығыс пен батыс өңірлерінде болып, байтақ Отанымыздың алуан айшықты тұмса табиғатымен танысты.

и

National Geographic Qazaqsan редакциясы осы сапарлар барысында түсірілген 3500-ден астам фотосуреттің ішінен,  Samsung Galaxy S22 Ultra телефонымен айшықталған  ең үздік 30 суретті іріктеп, көрмеде ұсынып отыр.

Ұланғайыр жеріміздің тамаша табиғатының ғажайыптарын көрсететін көрме 14 қазаннан 14 қарашаға дейін жалғасады. Келіңіздер, көріңіздер!

Байланыс телефондары: +7 7078282636 (Нурсултан)