Компанияның Маңғыстауда жұмыс жүргізе бастағанына он жылдан асты. «Партекс Корпорейшн» және «Оман Ойл Компани Лимитед» компанияларымен бірігіп Доңға блогының 60 пайызын сатып алу арқылы оған операторлық құқыққа ие. Мұнда жұмыспен қамтылған 500-ге тарта адамның 70 пайызы жергілікті тұрғындар.
Компания жуырда Доңға кен орнын игерудің екінші кезеңін жүзеге асыру барысында жоспарланған 198 ұңғыманың 100-ін бұрғылауды аяқтады. Тереңдігі 1700 метрге жететін әрбір ұңғымадан пайдалануы басталғаннан кейін, тәулігіне 25 тоннадан 50 тоннаға дейін мұнай өндіріледі деп болжануда. Кен орнын игерудің екінші кезеңі ондағы жалпы мұнай өндірісін 2016 жылға таман тәулігіне 1000 тоннадан 4000 тоннаға, жылына 1 млн. тоннадан астам көлемге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоспарда 200-ге жуық жаңа ұңғыманы бұрғылаудан басқа, 135 шақырым жол мен 180 шақырым құбыр құрылысын, 150 шақырым электр беру желісін монтаждауды, қуаттылығы 15МВт қосалқы электр стансасы құрылысын, мұнайды жинақтау, кешенді дайындау және сақтау үшін жаңа өндірістік нысандар құрылысы бар. Жобаның жалпы құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайды.
– Біз Доңға кен орнын игеру жобасының екінші кезеңін жүзеге асырудағы маңызды мәреге жергілікті серіктесіміз – бұрғылау жұмыстарын жасау бойынша мердігерімізбен ынтымақтастықтың арқасында жеттік. Жоба бойынша орындалуды қажет ететін талап-міндеттер көп, біз жобаны мезгілінде, қауіпсіз және тиімді түрде орындауға тырысамыз. Жобаны уақтылы және тиімді түрде іске асыру компания мен серіктестеріне ғана емес, жалпы, Маңғыстау облысы үшін қосымша артықшылықтарды қамтамасыз етеді, – дейді Maersk Oil компаниясының Қазақстандағы басқарушы директоры Карстен Йенсен.
Жұмыспен қамту, мұнай өндіру көлемін арттыру, шетелден инвестиция тарту бағытында жұмысты үйлестіру – Маңғыстау өңірі үшін де маңызды мәселе. Доңға кен орнының да, ондағы компанияның да осы істердің жүзеге асуына себі тиетіні анық.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АҚТАУ.

Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Президент • Бүгін, 13:13
Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Туризм • Бүгін, 13:05
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда
Президент • Бүгін, 12:57
Мемлекет басшысы: Жаңа Конституцияда ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық
Президент • Бүгін, 12:49
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Медицина • Бүгін, 12:30
Ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 500-ден астам көлік анықталды
Қоғам • Бүгін, 12:23
IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05
Қазақстанда бірыңғай QR-төлем жүйесі қашан іске қосылады?
Қоғам • Бүгін, 12:02
Түркістанда кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:56
Таиланд визасыз режимді неге 30 күнге дейін қысқартты?
Әлем • Бүгін, 11:35
Елімізде электронды кітапхананы пайдаланғандар саны 3,6 миллионнан асты
Кітапхана • Бүгін, 11:24
Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 11:06
Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:52
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Технология • Бүгін, 10:44