Үкімет • 12 Қазан, 2022

Қазақстан мен Түркия президенттері бірлескен мәлімдемеге қол қойды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өткен келіссөздерден кейін Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты бірлескен мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Түркия президенттері бірлескен мәлімдемеге қол қойды

Сондай-ақ ресми делигациялардың мүшелері келесі құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ветеринариялық қызметтер көрсету саясаты және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы музей ісі, ескерткіштерді қорғау және реставрациялау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Түркия Республикасының Сауда министрлігі арасындағы техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түркия Республикасының Отбасы істері, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрілігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.