Қоғам • 13 Қазан, 2022

Кентауда астан уланғандар бойынша қылмыстық іс қозғалды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кентау полициясына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінен тұрғындардың жаппай уланып, ауруханаға түскені жайлы дерек келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кентауда астан уланғандар бойынша қылмыстық іс қозғалды

Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары дәмхана қызметкерлерінен, оқиға куәгерлерінен жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жан-жақты жүргізуде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының зертхана қызметкерлерімен сараптама жүргізу үшін жұмыстар атқарылуда. Дәмхананың барлық тағам түрлері зерттеуге жіберілді.

Аталған тамақтану орнындағы қызметкерлердің бірқатарында медициналық кітапша болмай шықты. Қазіргі уақытта белгілі болғаны – Кентау мен Түркістан қаласының ауруханаларында 98 тұрғын, ал үй жағдайында 70 адам ем қабылдауда.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Таңдаулылар төрге шыққан күн

Аймақтар • Бүгін, 08:00

Шілтөбе – Мекемтас биігі

Тағзым • Бүгін, 07:55

Жүргізушісі жоқ такси

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

10 жастағы құтқарушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Музейдегі гранат

Жәдігер • Бүгін, 07:40