Оқиға • 13 Қазан, 2022

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында 52 жолаушысы бар автобус аударылып қалды. Жарақат алған 9 жолаушы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz 

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

Оқиға бүгін Самара-Шымкент тас жолының Ақжар ауылының тұсында болды. «Сетра» жолаушылар көлігінің жүргізушісі көлікті сол жақ кюветке аударып алған.

Автобуста 52 жолаушы болған, олардың барлығы ауысымға бара жатқан күзет органдарының қызметкерлері еді.

Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарымен 9 жолаушы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.