Бұл туралы өзінің Telegram арнасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түркия президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бүгін Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің басшысы, әріптесім Исмаил Демир екеуміз аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойдық», деп жазды министр.
Оның айтуынша, аталған меморандум спутниктік байланыс пен телехабар тарату салаларында ғарыштық жүйелерді құруға, жерді қашықтықтан зондтау, технологиялық және ғылыми мақсаттарда ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.
«Жалпы, Түркиялық әріптесімді ғарыш саласы бойынша атқарылып жатқан жобалармен таныстырып, ғарыштық мониторинг пен жерді қашықтықтан зондтау бағытындағы жұмыстармен таныстырдым. Сондай-ақ, арнайы конструкторлық технологиялық бюроның өндірістік алаңдарын және «Ғалам» ЖШС-дегі шағын ғарыш аппараттарын сынау зертханасын араладық.
Сондай-ақ жерді қашықтықтан зондтау деректерімен алмасу, спутниктерді әзірлеу жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың кооперациясы, спутниктік жүйелерді құру сияқты бағыттардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық», деп жазды Бағдат Мусин.
Бұдан бөлек, министр ЖҚЗ жерсеріктерін бірлесіп пайдалану мәселесіне тоқтала кетті.
«Біз бұл жүйеден бас тартпаймыз және ғарышта жерсеріктердің болуы мен санының артуын ары қарай қадағалайтын боламыз, себебі ол Қазақстан халқының әлеуметтік және экономикалық игілігін арттыру жолында өз ықпалын тигізбек. Бірақ қазіргі әлемде жерсеріктік аппараттарды жеке дара иеленуге байланысты шығындар, бірінші кезекте экономикалық тәуекелдерді тудырады. Былайша айтқанда, қашықтықтан зондтау жерсерігі Қазақстанның қажеттіліктері үшін ұшырылатын болса, іс жүзінде біз оның 10 пайызын ғана пайдаланамыз. Оның мүмкіндіктерін барынша пайдалану үшін барлық елдер деңгейінде жаһандық сатылымдарды құра білу қажет. Қазіргі уақытта әлемнің sharing economy бағытына бет бұрып келе жатқаные ескере отырып, әріптесіміз екеуміз елдеріміздегі спутниктік жүйелер топтамасын бірлесіп құру және пайдалану мүмкіндігін қарастардық», делінген министр хабарламасында.
Кездесуде түркі елдерінің жерсеріктер топтамасын құру мүмкіндігі де талқыланды.
«Демир мырзамен біз нақты техникалық және коммерциялық мәселелерді талқылау үшін тәжірибе алмасуды дамыту қорытындыға келдік. Екі ел арасында келісімдер жасалып, оны жүзеге асыру процесі басталса, басқа түркі елдері де жобаға қызығушылық танытатынына сенімдімін», деп жазды Бағдат Мусин.
«Астана» ел чемпионатында «Каспийді» жеңді
Спорт • Кеше
Шымкенттің кей аумақтарын су басуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Саяси науқанға – тиянақты әзірлік
Сайлау • Кеше
Пікір • Кеше
Пікір • Кеше
Парламент сайлауы – саяси реформалардың жалғасы
Сайлау • Кеше
Экономика • Кеше
Ауыл • Кеше
Аймақтар • Кеше
Сырдың күріші – сыртқы нарықта
Экономика • Кеше
Екібастұздың жағдайы оңалар емес
Аймақтар • Кеше
Саналы ұрпаққа арналған ұлттық жоба
Білім • Кеше
Жалғас – бастауыш сынып мұғалімі
Білім • Кеше
Саперлер кәсіби шеберлігін жетілдірді
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Әннің түпнұсқа аты – «Қаракөз»
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Спорт • Кеше
Экотуризмге – айрықша көзқарас
Туризм • Кеше
Қысқы спорт • Кеше
Түсімнің көзі – туристік жарна
Туризм • Кеше
Бокс • Кеше
Рыбакина тағы да шеберлігін мойындатты
Теннис • Кеше
Бүйректегі тасты алудың жаңа тәсілі
Медицина • Кеше
Жәдігер • Кеше
Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды
Аймақтар • Кеше
Теннис • Кеше
Спорт • Кеше
Хоккей • Кеше
Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар