Қаржы • 14 Қазан, 2022

Жеңілдік сертификатын қаржыландыру басталды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда «Жасыл даму» АҚ ел Үкіметінің 2022 жыл­ғы 18 қаң­­тардағы №20 қаулысын іске асыру шеңберінде «ӨКМ Опе­раторы» ЖШС-ның кәдеге жаратуға тапсырыл­ған ескі көліктер мен агротехникаларға ақшалай өтем­ақы төлеу және жеңілдік сертификаттарын өтеу туралы құқықтық міндеттемелерін орындау жұмысы аяқталға­нын хабарлаған болатын.

Жеңілдік сертификатын қаржыландыру басталды

Осылайша, «Жасыл даму» АҚ отандық автоөндіру­шілерден агротехника мен көлік құ­рал­дарын сатып алуға мүмкіндік бере­тін жеңілдік сертификатта­рын қаржыландыруды баста­ды. Бұған дейін ӨКМ «Операторы» ЖШС берген жеңілдік сертификаттарына төлем жүргізіл­мегендіктен сертификатты қолдану мүмкін болмаған еді.

Ескі көліктерін ақшалай өтем­ақыға тапсырған жеке және заң­ды тұлғалар тиісті төлем­дерін алуы үшін «Е-Өтініш» бірыңғай платформасы арқылы қоғамның атына өз өтінішін жолдап, банктік деректемелерін көрсетуі қажет.

Ақшалай өтемақы растал­ған өтінімдер мен банк деректе­мелері дұрыс жіберілген өтініш­тер бойынша төлем жүргізілетін болады.

Мерзімі өткен жеңілдік сертификаттарын пайдалану Қазақстан Республикасында экологиялық таза автокөлік құралдарын (электр қозғалт­қыштары бар Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгі­ленген экологиялық сынып­қа сәйкес келетін) және олардың ком­понент­терін, сондай-ақ эко­ло­гия­лық талаптарға сәйкес келе­тін өздігінен жүретін ауыл ша­руашылығы техникасын өн­діруді ынталандыру қағида­лары­на тиісті өзгерістер ен­гізілгеннен кейін мүмкін бола­ды. Бұл ЭГТРМ-нің 2021 жылғы 21 шілдедегі №263 және ИИДМ-нің 2021 жылғы 29 шілдедегі №400 бірлескен бұйрығының қолданылу мер­зімін ұзарту бойынша бекі­тілген техникалық регламенттерде айқындалған.

Жеңілдік сертификатын пайдаланып жаңа көлік пен ауыл­шарушылық техникасын сатып алуға болатын автоөн­дірушілердің тізімі қазан айында қосымша жарияланады.