Қазақстан • 14 Қазан, 2022

Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей рейстер ашылады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей рейстер ашылады

Вьетнамдық  әуе компания VietJet Air 2022 жылдың 25 қазанынан  бастап Алматы-Нха Транг бағыты бойынша аптасына 2 рейс (сәрсенбі, сенбі) орындайды, бұл туралы екі елдің авиация өкілдері кездесуінде айтылды. 

Сондай-ақ 25 желтоқсаннан елордадан ұшатын, Астана-Нха Транг бағыты бойынша да аптасына 2 рейс (дүйсенбі, бейсенбі) қосылғалы отыр.