Жеңіл атлетика • 14 Қазан, 2022

Айбол Омар Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Айбол Омар Кувейтте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айбол Омар Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Olympic.kz хабарлағандай, ол 1500 метрге жүгіруде үшінші болып мәреге жетті (уақыт 4:07,99).

Бұл медаль Азия чемпионатындағы ел қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Сабрина Арзиева алтын медаль жеңіп алған еді. Ол 5000 метрге жаяу жүрісте мықты болды.