Саясат • 14 Қазан, 2022

Қырғызстан ТМД-ға төрағалық етеді

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Делегация басшылары 2023 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан ТМД-ға төрағалық етеді

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету туралы мәселе қаралды. Делегация басшылары 2023 жылы Достастыққа төрағалық ету туралы шешім қабылдады, оны Қырғыз Республикасы жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тең төрағалық етеді», деді ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев.

Оның айтуынша, шағын құрамдағы жиында делегация басшылары отырыстардың күн тәртібі мен регламентін бекітті. Отырыс барысында президенттер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Еске сала кетсек, бүгін Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ТМД мемлекеттері Басшылары Кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтті.

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00