«Әлемде орын алып жатқан қазіргі қиын кезеңде біз үшін болашақтың айқын және позитивті бейнесін сақтау бұрынғыдан да маңызды», деді Президент сөз басында.
Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиядағы ынтымақтастық туралы көзқарасын білдірді.
«Біріншісі - қауіпсіздік. Біздің елдеріміздің достастығы мен ынтымақтастығы тағдырдың өзімен алдын-ала белгіленген. Біз ортақ тарихымызды қорғап, халықтарымыздың әл-ауқаты үшін біртұтас болашақ құруымыз керек. Біздің мемлекеттеріміздің әрқайсысындағы тұрақтылық пен қауіпсіздік аймақтың дамуына тікелей әсер етеді», деп атап өтті Мемлекет басшысы.