Аймақтар • 15 Қазан, 2022

Семейдегі 47 тұрғын үйде жеделсаты істен шыққан

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласындағы тұрғын үйлерде 675 жеделсаты бар. Олардың 395-і қолдану мерзімінен (25 жыл) асып кеткен. Сондай-ақ 47 тұрғын үйде жеделсаты мүлдем істемейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейдегі 47 тұрғын үйде жеделсаты істен шыққан

Осыған байланысты аймақта көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы әзірленген. Аталған бағдарлама бойынша пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың иелері мемлекет көмегінің арқасында жеделсатыларды ауыстыра алады. Яғни, мемлекет тарапынан құны төленген соң, тұрғындар ортақ мүліктегі үлесіне сәйкес 7 жыл ішінде қаражатты қайтаратын болады.

Жеделсатыларды ауыстыру үшін тұрғындар бағдарламаға қатысуға өтінім беруі керек.