Ұлттық спортты дамыту мақсатында өтетін дәстүрлі турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысады.
Кубок «командалық бетпе-бет» олимпиадалық жүйесі бойынша өтеді.
Балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90 келіге дейін және 90 келіден ауыр салмақ арасында белдесетін болады.
Сайысты тікелей эфирден Qazsport пен TRT Avaz телеарналары көрсетеді.