Теңіз жағалауындағы көршіміз Әзербайжан елінің астанасы – Бакуде бокстан халықаралық турнир өтті. Биыл 12-ші рет өтіп отырған «Гейдар Алиев кубогы-2014» турниріне 150 елдің спортшылары қатысты.
Венгрия, Грузия, Ирландия, Латвия, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және алаң иелері қатысқан бокс додасында 13 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Маңғыстау облыстық бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрама командасы сәтті ойын көрсете алған. Отандастарымыз жалпы командалық есепте Әзербайжаннан соң екінші орынды иеленіпті.
75 кг. салмақ дәрежесіндегі маңғыстаулық боксшы Б.Нұрдәулетов өткен жылғы Еуропа чемпионы ресейлік боксшыны финалда жеңіп, алтын медальді жеңіп алған. Ал, 54 кг. салмақ дәрежесіне дейінгілер арасындағы айқаста тағы бір Маңғыстаудан шыққан боксшы Б.Жетібаев қола медальмен оралды.
Теңіздің арғы бетінде топ жарған қазақ ұландарының жеңісі үшін жерлестер қуануда.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АҚТАУ.

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44