Қазақстан • 16 Қазан, 2022

Қазақстанның 6 қаласында ауа ластанады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қазан Қазақстанның 6 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның 6 қаласында ауа ластанады

«2022 жылғы 16 қазанда Астана, Алматы, Атырау, Өскемен (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада .

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.