Әлем • 16 Қазан, 2022

Тегерандағы Эвин түрмесінде өрт шықты

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран астанасы Тегерандағы Эвин түрмесінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тегерандағы Эвин түрмесінде өрт шықты

Иранның ресми IRNA агенттігінің хабарлауынша, Эвин түрмесінде отырған қылмыскерлер киімдерін әдейі өртеп жіберген. Осы аралықта ұсталғандар мен тәртіп сақшылары арасында төбелес болған. Кейін тәртіп сақшылары бақылауды өз қолдарына алды.

Кешке дейінгі жаңалықтарда өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатқан хабарланған. Түрмедегі өрт пен атыс дыбыстары түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр.