Шемонайха ауданының орталығында өңірдегі ірі ұн тарту және құрама жем комбинаты ашылды. Жаңа кәсіпорын тәулігіне 600 тоннадан астам астық өңдей алады. Ауылдағы 30 адамға жұмыс орнын құрған комбинат алдағы уақытта көршілес елдердің нарығына шығуды жоспарлап отыр.
Кәсіпорында өнімнің 15 түрі шығарылады. Комбинаттың бас директоры Фарманали Мамедовтың айтуынша, мұнда тауық пен балапанға, ірі қара мен шошқаға арналған азықтық жем өндіріледі.
Бүгінде аймақта өзге облыстардан және шетелдерден жем сатып алуға мәжбүр болып отырған шаруашылықтар жетерлік. Сондықтан бұл жоба көптеген жергілікті агроөндірістік кешендер үшін тиімді болмақ. Комбинат толық қуатында жұмыс істей бастаған кезде өнімділік деңгейі сағатына 25 тоннаға дейін артады деп күтілуде. Бұл өңірді ғана емес, көршілес елдерді де мал азығымен қамтамасыз етуге жол ашады.
Өндіріс орнының жұмысымен танысқан өңір басшысы Б.Сапарбаев Шығыс Қазақстанның ет экспортындағы әлеуетін нығайту үшін мықты жемшөп базасының қажеттілігін атап өтті.
– Шығыс Қазақстан өткен жылы 400 тонна етті экспортқа шығарды. Аталған көрсеткішті еселеу үшін шетелдерге сатылатын еттің үлесін көбейтуге тиіспіз. Бұл үшін ауқымды жемшөп базасы қажет. Бүгін ашылған комбинат өңірдің құс, шошқа шаруашылығын дамытуға септігін тигізеді, – деді өңір басшысы.
Мамандардың айтуынша, өңірге өнімді қайта өңдейтін кәсіпорындар керек. Себебі, жергілікті өндірістің жемі сатып алынатын азықтан 30 пайызға арзанға түседі. Ал қазіргі таңда мемлекеттік қолдаудың арқасында әрбір ауыл шаруашылығы маманы өз өндіріс орнын ашуға мүмкіндік алып отыр.
Шығыс Қазақстан облысы,
Шемонайха ауданы.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Сергей СУРОВ.

Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше