Экономика • 17 Қазан, 2022

Ұлттық банк инфляция көрсеткішін жариялады

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк инфляция көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк инфляция көрсеткішін жариялады

Осы тұста инфляция түсінігіне анықтама беріп өтсек, Инфляция бұл – тауарлар мен қызмет бағаларының тұрақты өсуі немесе өзгермелі құбылуы. Жалпы алғанда тауарлар мен қызметтер құны нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың нәтижесінде белгіленіп отарады. Экономикалық жағдайға қарай, тауар, қызмет бағасы өсіп немесе арзандап отырады. 

Ұлттық банк ұсынған деректерге қарасақ, елімізде жылдық инфляция 17,7% көрсеткен. Өңірлер бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Астанада тіркелген, ол тамызда 17,3%-дан қыркүйекте 20,0%-ға дейін өскен.

ш 

Азық-түлік бағасы бойынша, баға 22,2 пайызға жоғарылаған, бұл тұста, Маңғыстау облысы ең үлкен көрсеткішті көрсеткен – 29,7%. 

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша өсу қарқыны 17,0% болса, ең үлкен көрсеткіш Астанада (26,3%) тіркелсе, ең төмен баға Алматыда (13,8%) екен. 

Ақылы қызмет көрсету бағасы қыркүйекте ж/ж 12,3%-ға өсіп, едәуір жоғары баға Ұлытау облысында (16,5%) тіркелген.