Руханият • 17 Қазан, 2022

Әбдірахман Жәлелұлының өмірбаяндық кітабы жарық көрді

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Отандастар қоры» мен «Зуқа батыр Сәбитұлы» қоғамдық қоры бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Әбдірахман Жәлелұлының «Өмір жолымдағы соңғы көш» атты өмірбаяндық кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әбдірахман Жәлелұлының өмірбаяндық кітабы жарық көрді

ХХ ғасырдың басында және ортасында қазақ халқының басына түскен ауыр нәубет, зұлмат жылдар туралы айтылар әңгіме аз емес. Әсіресе, «жұмыр жердің жотасы» атанған Тибет қыраты - Гималай тауынан асқан босқын қазақ көші адамзат тарихына өшпейтін ізі мен өміршең таңбасын қалдырды.

2022 жылы Алтайдан бастау алған қазақ көшінің түбі бір Түрік еліне қоныс аударғанына 70 жыл толып отыр. Баркөл, Тибет жотасы арқылы Гималайды асқан, Үндістан мен Пәкістан арқылы Түркияға жеткен айтулы көшті көрген қарияларымыз да аз қалды. Соның бірі қаралы көштің тірі куәгері, қоғам қайраткері - Әбдірахман Жәлелұлының «Өмір жолымдағы соңғы көш» атты өмірбаяндық кітабы жақында жарыққа шыққан.

н,.

Іс-шараға тарихшы ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Әбдірахман Жәлелұлы - әйгілі Зуқа батырдың немересі. 1938 жылы Баркөлде дүниеге келген атамыз бүгінде Германияның Кёльн қаласында тұрады. Еуропа қазақтары қауымдастығының негізін қалаушы және құрметті төрағасы. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының екі мәрте төралқа мүшесі, көрнекті қоғам қайраткері.

Қазақтың қилы тағдырынан сыр шертетін тың туындының авторы - Алтайдан ауған қаралы көштің басы-қасында болған қайраткер тұлғаның қатысуымен өтті.

не