Президент • 17 Қазан, 2022

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісін қабылдады

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мағжан Ілиясовты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісін қабылдады

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Біріккен Корольдікпен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту аса маңызды екенін атап өтті.

Президент Мағжан Ілиясовқа екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық іс-әрекетті жандандыруға және басқа да мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.