23 Мамыр, 2014

Еліміз бастамаларына қызығушылық зор

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі ретінде Сан-Хосе қаласында өткен Коста-Риканың жаңадан сайланған Президенті Луис Гильермо Солистің инаугурация салтанатына қатысты. К.Жигалов Коста-Рика басшысына Қазақстан Президенті Н.Ә.Назар­баев­тың атынан құттықтауын білдіріп, Қазақ­стан мен Коста-Рика арасындағы қаты­настардың сәтті дамуына үміттенетінін  айтты. Сапар шеңберінде елші Коста-Ри­каның Сыртқы істер министрі Ма­нуэль Гонсалес Санспен кездесу өткізді. Әңгіме барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын белгілеп, халықаралық деңгейде, әсіресе, ядролық қауіпсіздік пен таратпауды қамтамасыз ету саласын­да өзара әрекеттесудің мақсатқа сай еке­нін атап өтті. Аталған салада екі ел атқа­ратын жұмыс халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланады. Коста-Рика тарапы Қазақстан Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаев бастамашылық еткен «АТОМ» Жобасына, сондай-ақ, Астанада Әлемнің және дәстүрлі дін­дер көшбасшыларының  съезі сияқты өрке­ниеттер үнқатысуын күшейтуге бағыт­талған шараларға үлкен қызығушылық танытты.