![Қазақстан әскері ҰҚШҰ-ның оқу-жаттығуына қатысты](/media/2022/10/18/a806280a659440710092fba83e551d5a_1280x720-1.jpg)
Қазақстаннан «Астана» өңірлік қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Бағлан Өсербаевтың басшылығымен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшесі жұмылдырылған.
«Шекара-2022» атауы берілген оқу-жаттығу - Тәжікстанның «Харбмайдон» полигонында өтіп жатыр.
ҰҚШҰ (ОДКБ) - Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы. 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың негізінде 2002 жылы құрылған. Ұйымның негізгі қызмет ету бағыты әскери ынтымақтастық.