23 Мамыр, 2014

Ортақ пікір орайындағы әңгіме

233 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева VII Астана экономикалық форумына келген Ауғанстан Ислам Республикасының Әйелдер ісі бойынша министрі Хусн Бану Газанфармен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мәжілістің вице-спикері Ауған­станда президент сайлауының бірінші кезеңі табысты өткенімен құттықтап, осы сайлау ел өмірінің алдағы тұрақтылығының жаңа кезеңі болатынына сенім білдірді. Дариға Назарбаева, сонымен қатар, Қазақстан Ауғанстанда бей­бітшілік пен тұрақтылық орнағанын қолдайтынын және екі ел арасындағы достық байла­ныс­тардың жалғасын табуы үшін әрекет ететінін атап өтті. Сондай-ақ, Мәжілістің вице-спи­кері­нің айтуынша, ауған қоғамы үшін Ау­ғанстан жастарының білім алу бағдар­ламасы ерекше орын алатын көрінеді. – Бұл ағарту жобасына Қазақстан Президентінің тапсырмасымен 50 миллион доллар бөлініп, жүзеге асырылып отыр. Бұл ауған жастарының медициналық, техникалық және арнайы білім алып шығуына мүмкіндік туғызады, –  деді Дариға Назарбаева. Өз кезегінде Хусн Бану Газанфар біздің Мемлекеттің басшысына Ау­ған­станның бейбіт дамуына әсер етіп, қолдап отырғандығы үшін алғысын айтып, білім беру бағдарламасының елі үшін маңызына тоқталды. Тараптар әңгіме барысында Орталық Азия елдері әйелдерінің аймақ мемлекеттерінің өзара байланысында, соның ішінде экономикалық байланысты нығайтудағы орнына ерекше назар аударды. Мәжіліс Төрағасының орынбасары қазақстандық әйелдердің еліміз да­муы­ның өркендеуіне, әсіресе, Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қосқан үлесіне тоқталды. Ауғанстанның Әйелдер ісі бойынша министрі біздің еліміздің тәжірибесі, әсі­ресе, әлеуметтік сала­дағы және әйел­дер­дің кәсіпкерлікке араласуының Ау­ғанстан үшін маңы­зын атап өтті. Дариға Назарбаева парламент­ара­лық байланыстар жайында сөз қозғағанда, Ауғанстанда парламент­аризмді дамыту қажеттігіне назар аудартты. Сонымен бірге, Мәжілістің вице-спикері ауғандық депутат-әйел­дердің жетістігін, Ауғанстан парла­ментінде саны үнемі өсіп, бүгінде 28%-ға жеткенін атап өтті. Д. Назарбаева мен Х. Газанфар Қа­­зақ­­стан мен Ауғанстан парла­мент­шілерінің, оның ішінде әйел-депу­таттар арасындағы байланыс­тар екіжақты ынтымақтастықты ұлғай­туға орасан үлес қосатындығы жө­нінде ортақ пікір білдірді.