Экономика • 19 Қазан, 2022

Өзбекстанмен арадағы тауар айналымы

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы бес жыл ішінде елдер арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады. Мәселен, 2022 жылдың бірінші жартысында айналым 2,6 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27,13%-ға жоғары. Соның ішінде экспорт көлемі 30,9%-ға, ал импорт 17,4%-ға өсті.

Өзбекстанмен арадағы тауар айналымы

Екі ел арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын нығайып келеді. Елдер арасында туындайтын пра­ти­калық мәселелерді жедел шешу және екіжақты қатынастарды жандан­дыру үшін халық­аралық және үкіметаралық алаңдар құ­рыл­ды. Мәселен, 2017 жылдан бастап осы мақсатта Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесі құрылды. Онда Қазақ­стан тарапынан «Атамекен» ҰКП басшысы тең төраға болып саналады.

«Іскерлік кеңес аясында біз барлық мәселені тікелей пысықтай аламыз. Осы мәселелерді шешу іс­керлік ынты­мақ­тастықтың қарқынын арттыруға ықпал етеді», деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Төралқа төр­ағасы Райымбек Баталов.

Басты мәселелер – транзит тасымалы кезіндегі мөлшерлеме, сертификаттарды өзара тану, мақта шикізаты, жіп пен матаға баға, сонымен қатар еңбек күшінің көші-қон мәселесі. Осы және басқа да көптеген мәселе Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесінің күн тәртібінде тұр.

р

Қазақстан Өзбекстанмен сыртқы сауда серіктестік бойынша үшінші (ҚХР және РФ-дан кейін) орында. Тауар айналымындағы үлес салмағы – 8,9%. Сыртқы сауда пала­тасының мәліметінше, Өзбекстанға Қазақ­станнан негізінен мұнай және мұнай өнімдері, бидай, ұн, күнбағыс тұ­қы­мы, қара және түсті металл, бей­ор­га­никалық химия өнімдері және азық-түлік тауарлары экспортталады.

Өзбекстаннан Қазақстанға энерготасымалдауыш құралдар, автомашиналар, мақта талшығы, химиялық өнімдер мен пластмасса, тыңайтқыштар мен азық-түлік өнімдері келеді.