Президент • 19 Қазан, 2022

Қонаев қаласы тың қарқынмен дамитын болады - Президент

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшылығымен кездесуі барысында Алматы облысын екіге бөлу – аймақтағы ахуалды терең ойластыра отырып қабылданған шешім екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қонаев қаласы тың қарқынмен дамитын болады - Президент

«Биыл менің шешіміммен елімізде бірнеше облыс қайта құрылғанын білесіздер. Жетісу жерінде дербес екі аймақ пайда болды. Алматы облысының әкімшілік орталығы Қапшағайдың жағасына көшірілді. Жұрттың өтінішіне сай қалаға Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Мұны, шын мәнінде, тарихи әділдіктің орнауы және халықтың ортақ қалауы деуге болады», деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент енді Алматы облысының орталығы тың қарқынмен дамитынын айтты.

«Облыс орталығы мәртебесіне ие болған Қонаев қаласы енді тың қарқынмен дамитын болады. Бұрынғы Алматы облысын екіге бөлу – аймақтағы ахуалды терең зерделеп, мұқият ойластыра отырып қабылданған шешім», деді Мемлекет басшысы.