«Аймақта тағы бір өзекті мәселе бар. Бұл – тұрғындардың малын жаятын жердің тапшылығы. Биыл облыста бос жатқан 300 мың гектар жер анықталған. Оның басым бөлігі – жайылым. Жер иелері 100 мың гектар жерді өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарды. Оның 50 мың гектары қазірдің өзінде халықтың игілігіне берілді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ ол өңірде жеміс-жидек өсіруге зор мүмкіндік барын, бірақ, бұл мүмкіндікті толық іске жарата алмай отырғанымызды айтты.