Қазақстан • 19 Қазан, 2022

Ресейден 50-ден астам халықаралық компания қоныс аударды - Тоқаев

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қазақстанға келген халықаралық компанияларды Үлкен Алматы Айналма жол (БАКАД) периметрі бойынша орналастыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейден 50-ден астам халықаралық компания қоныс аударды - Тоқаев

«Қазіргі таңда Қазақстанға Ресейден 50-ден астам халықаралық компания қоныс аударды. Олардың барлығын ірі қалаларға шоғырландыру тиімсіз. Әкімдік мұндай өндірістерді Алматы маңында ҮААЖ (БАКАД) периметрі бойынша орналастыруды пысықтауы керек, бұл өңір экономикасына айтарлықтай септігін тигізеді. Бұл мәселені Үкіметпен және компаниялармен талқылау керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы инвесторларға, оның ішінде басқа елден қоныс аударғандарға жаңа өндіріс орындарын ашуға жағдайды жасау керектігін айтты.

«Облыста бірқатар ірі экспорттаушы кәсіпорындар жұмыс істейді, олардан негізгі салық түсімдері түседі. Біз оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету арқылы өндірісін кеңейтуге көмектесуіміз керек», деді ол.

Осы орайда Президент Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне бір ай ішінде ұсыныстар енгізуді бұйырды.