Қоғам • 19 Қазан, 2022

Мәсімовтың ісі қай сатыда? Бас прокуратура жауабы

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжіліс кулуарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі қандай сатыда екенін нақтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәсімовтың ісі қай сатыда? Бас прокуратура жауабы

Оның айтуынша, тергеу аяқталды, қазір айыпталушылар іс материалдарымен танысуда.

«Өздеріңіз білетіндей, тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл істің тергеліп жатқанын және қазір айыпталушылардың қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқанын ресми түрде мәлімдеді. Мен бұған дейін де бұл процесс біршама уақыт алатынын атап өттім», деді Әсет Шындалиев.

Шындалиевтың айтуынша, Бас прокуратура бұл іс бойынша ешқандай шектеу қоймаған.

Еске сала кетсек, 6 қаңтарда ҰҚК сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.

Бұған дейін Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов ҰҚК-нің бұрынғы басшысы 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан еді.