Осымен 5- ші мәрте ұйымдастырылған онлайн желілік спартакиада PlayOk платформасында өтті. Жас ерекшеліктеріне байланысты төменгі, орта және жоғары топтарға бөлінген спортшылар 3 күн бойы шын мықтыны анықтау үшін сынға түсті.
«Дәстүрлі жарысқа жылдағыдай жақсы дайындықпен бардық. Мектеп оқушылары арасынан мықтылар іріктеліп, команда жасақталды. Командаға таңдап алған шәкірттеріміздің әрқайсысы төл ойынды жақсы меңгерген. Тіптен түрлі деңгейдегі жетістіктерге де жеткен. Сенім ақталып, орта және жоғары топта жақсы нәтижеге қол жеткізе алдық», деді команданың жетекшісі әрі дене шынықтықтыру пәнінің мұғалімі Рауан Тәттібекұлы.
Спартакиада қорытындысы бойынша 8-сынып оқушылары Еркебұлан Досан мен Малика Әсемханова орта топта І орынға ие болып қана қоймай командалық есепте де алдыңғы орынға шықты. Ал 11-сынып оқушысы Айым Әкімбергенова жоғары топта ІІІ орынға табан тіреді.
Абай облысы